Katyusha - Катюша (Kazakh Ver.)
Katyusha - Катюша (Kazakh Ver.)
Шешек атып өрік алма ағашы,
Бозғылт тартып тұрды өзендер.
Келді өзенге, келді Катюша қыз,
Келіп тұрды жанына өзеннің.
Келді-дағы шырқап әнге басты,
Әнге қосты дала құстарын.
Әнге қосты сүйген жолдастарын,
Әнге қосты бала достарын.
Арманы көп сұлу қыздың әні
Алыстарға барады самғап.
Қан майданда оның сүйген жары
Туған жерін жүреді қорғап.
Катюшаны есіне алып жігіт
Қалықтаған әнін тыңдасын.
Қайсарлықпен жауға қарсы тұрып
Махабаттың әнін жырласын.
Comments
Post a Comment